Фариза Оңғарсынова Жанымда жүрші (0) lyrics

Жанымда жүрші lyrics

Фариза Оңғарсынова

Жанымда жүрші

0
0

Share:


Жанымда жүрші
аласармайтын армандай асқар тауым боп,
шілдедегі әппақ жауын боп.
Сенімен жүрсем –
мынау жалғанда мен көтермейтін ауыр жоқ,
бет қаратпайтын дауыл жоқ.
Сенсіз күндерім;
бұлыңғыр күнгі көңілсіз күңгірт екінді.
Сезбей-ақ күннің шуақ сәулесін, жұпар самалды не түнгі,
өмір кешетін сонда да мәз боп өкінбей
ойсыз байғұстар секілді…
Жанымда жүрші
көңілімнің арай рауандап атқан таңы боп,
кіршік  шалмаған менің әжемнің ары боп.
Күйдіре түссін өзімшіл мына жүректі
сендегі сөнбес жалын от.
Әйтеуір осы тірлік дегеннің мен үшін
өзіңсіз ешбір мәні жоқ.






GM

Added Lyrics

14.10.2015