Фариза Оңғарсынова Ұнатып ем... (0), lyrics

Ұнатып ем... lyrics

Фариза Оңғарсынова

1
0

Share:



Жасымнан ұнатып ем бір жігітті,
сүюдің қиындығын кім біліпті.
Көз қырын тастамай ол өте берді,
жүрекке арқалатып нұрлы үмітті.

Әдейі оны күнде жанап өтем,
ойпыр-ай, ғашық болған жаман екен,
көңілдің жайлауында сайран салып,
жаныңды талай күйге салады екен.

Сол жігіт білсең атын өлең деген,
жымияр: "Саған оңай көнем бе мен!" –
Ерте-кеш болса да бір естір ме екем
бір сөзін "Сені жақсы көрем!" деген…






GM

Added Lyrics

26.08.2016