Фариза Оңғарсынова Туғандай дүниенің нұр шақтары (0) lyrics

Туғандай дүниенің нұр шақтары lyrics

Фариза Оңғарсынова

0
0

Share:


Туғандай
дүниенің нұр шақтары,
ән кетті
Атыраудан шырқап тағы!
Күмбірлі күй
төгеді, жыр төгеді
Исатай -
Махамбеттің ұрпақтары!
Атырау кен
байлықтың кіндігі еді,
қалайша
сайрамасын жыр-жүрегі!
Жайықтың
аққуындай мың бұралған
Дина мен Қыз
Жібектің сіңілері.
Алтын Күн бақыт
шашып туғанда алдан,
еңбекпен,
ерлікгермен шындалды арман.
Ақ тілеу
замандасым, сәлем сізге
Атырау,
Жайықтағы туғандардан!
Атырау,
Ақжайықтың өнерлі елі,
күй төгіп, ән
шырқайды өрендері,
Балықты, мұнайлы елде, шүрайлы елде
өнермен ұласады Ер еңбегі!
Дүниеден ел
кәшеді қалмаса әні,
өнерсіз адам
жанын шаң басады.
Халқымның ән мұрасы, күй мұрасы
осылай ұрпақтарға жалғасады!






Admin

Added Lyrics

20.12.2016