Фариза Оңғарсынова Телефон шыр етеді... (0) lyrics

Телефон шыр етеді... lyrics

Фариза Оңғарсынова

Телефон шыр етеді...

0
0

Share:


Телефон шыр етедi:
Сонда менiң жүрегiм дiр етедi,
Көйлегiмнiң желбіреп гүл етегi
Жүгiремiн. Не пайда сен емессiң.
Тек қимылдау көңiлдi жүдетедi.
Кешке дейiн неше рет дiрiлдетiп
мәнсiз, арсыз алаңмен күн өтедi.
Телефон, шыңғырсаң да,
көтермеймiн ендi мен – қылғын сарна!
Жүрегiме тыныштық бермей қойды-ау,
төбесiнен бiр қойып сындырсам ба!?
Әне тағы… сенi ме! Қоңыр дауыс!
Трубканы сүйiп мен тұрдым сонда.
 






GM

Added Lyrics

15.10.2015