Фариза Оңғарсынова Тебіреніп жүрегіңнен жыр арнадың... (0) lyrics

Тебіреніп жүрегіңнен жыр арнадың... lyrics

Фариза Оңғарсынова

Тебіреніп жүрегіңнен жыр арнадың...

1
0

Share:


 Тебіреніп жүрегіңнен жыр арнадың,
көп мезгіл жылылығын ұға алмадым.
Мен саған үміт артар сөз бермедім,
сонда да ынтық болдың, өзгермедің.
Мен болып жүректегі жыр, арманың,
бейнемді көңіліңнен шығармадың.
Жанымның өзге болды ұнатқаны,
өмірлік жүрегімде ол тұрақтады.
Көз тартар болмаса да ол дана жігіт,
сол ғана бақытым деп жанады үміт.
Сан қилы тағдыр жолын сезбеген ем:
мен жүрмін ой-қиялым өзгеменен.
Сен жүрсің ынтық болып күлкіме бір,
не деген ғажап еді шіркін өмір!..






GM

Added Lyrics

13.10.2015