Фариза Оңғарсынова Тәрбиеші (0) lyrics

Тәрбиеші lyrics

Фариза Оңғарсынова

0
0

Share:


Ән салғызып, билетіп,
ылғи бізбен жүреді.
Тақпақты да үйретіп,
Ойната да біледі.

Қызық-қызық ертектер
Біздерге оқып береді.
Жылауық та, тентек те
Сол апайға көнеді

Бастап бізді далаға,
Серуенге де шығады.
Біз шомылсақ жағада
Байқап өзі тұрады.

Кішкентаймыз әлі біз,
Үлкендерге сенеміз.
Бұл тәтені бәріміз
Сыйлап, жақсы көреміз.

Естіп кейде қаламын,
Тәрбиеші апайды
"Қамқоршысы баланың"
Деп ауылда атайды






GM

Added Lyrics

26.08.2016