Фариза Оңғарсынова Сырласың сырт айналған (0) lyrics

Сырласың сырт айналған lyrics

Фариза Оңғарсынова

Сырласың сырт айналған

0
0

Share:


         Сырласың сырт айналған,
мұңдасың - сұрқай далаң,
көгінде күнді жауып бұлт ойнаған
ауыры-ай жылдарымның,
жаныма мұң жамылдым.
Жалғыздық - жанашырым,
айтпайды бала шынын,
жүрегім жоғалтқандай бар асылын,
достардан жырақтадым,
солғандай бұлақтарым.
Көтерер бәрін де адам
десек те, ауыр маған...
Мен қалай шамын жағам жүрегімнің
мұң-зілден арылмаған,
сүймеген, сағынбаған?!






GM

Added Lyrics

15.10.2015