Фариза Оңғарсынова Шаршадым-ау (0) lyrics

Шаршадым-ау lyrics

Фариза Оңғарсынова

0
0

Share:


Шаршадым-ау...
Қайтсем енді тыныштық табар жаным,
жүйке менен жүректі тарамдадым.
Ләззат ап әрнеден басқалардай
өмір кешу - бұл күнде бар арманым.
Күйретердей жанымда жанар жалын*,;
жүрегіммен жыладым, алаңдадым.
Кең дүние салмағын, салқындығын
жиып-теріп үйгендей маған бәрін.
Тұрақтар ма менде бір қпіқ-тыным?
Не жетпейді - халқыма сүйіктімін!
Махамбетті, Блокты жылытқан Күн
тұр мінеки маған да құйып нұрын.
Сездірмейтін суық не ыстық жайды,
достарым бар ойлатпас жұт, сыз жайлы.
Олар желкен-сезімін жайып салып,
мені дауылды айдынға жұтқызбайды.
Не жетпейді - баптаулы он-пырағым?
Қанағатсыз, тойымсыз қалтырадым.
Дауыл күнгі теңізді шыр айналған
шағаладай тынымсыз шарқ ұрамын.
Өтсе менде дырдумен мұңсыз әр күн,
саялауға жанымды құлшынар кім?
Мен, асылы, тыныштық күйге түссем,
қайраңдағы балықтай тұншығармын.






Admin

Added Lyrics

20.12.2016