Фариза Оңғарсынова Сен үшін сонау алыстардағы елес ем (0) lyrics

Сен үшін сонау алыстардағы елес ем lyrics

Фариза Оңғарсынова

0
0

Share:


Сен үшін сонау алыстардағы елес ем,
осынша мені арман қып келдің неге сен.
«Сыртыңнан сүйіп жүретінімді
сезуші едің ғой» демесең,
мен саған ғашық емес ем.
Бас иген көп-көп бозбалаларға паңдана
асқақтау басып, бақытты болдым. «Сонда да
жан-жүрегіңді толтырар бір жан
жетпей жүрді ғой» демесең,
мен саған ғашық емес ем.
Бір дауыл сәттің соғарын сезіп жүргенмен,
сен екеніңді білген бе ем...
Әйтеуір, жаным, «бұл күнде менсіз
жүре алмайсың ғой» демесең,
мен саған ғашық емес ем.






GM

Added Lyrics

26.08.2016