Фариза Оңғарсынова Сағыныштың, айтшы осы, төзім бе емі (0) lyrics

Сағыныштың, айтшы осы, төзім бе емі lyrics

Фариза Оңғарсынова

0
0

Share:


Сағыныштың, айтшы осы, төзім бе емі,
ендеше, анау қайғы не көзіңдегі?
Саған бейжай тұрған боп қарай қалсам,
жеп қоярдай тұрасың өзің мені?!
Одан әрі төзуге шамаң қалмай,
өліп-өшіп құшасың - маған қанбай,
ғасыр бойы шыдап кеп, бір-ақ сәтте
атылатын аспанға жанартаудай.
Менің салқын қабағым сені өртейді,
мен осыған таңданып қағам таңдай.
Таңдарымыз тамсанып атсын балдай,
соқпақтарға толмасын ақшыл маңдай.
Қорқам сенің қадалған жанарыңнан,
тіл қатсаңшы, қарысып жақсыз қалмай?!
Қорқынышты осы бір қалпың сенің
(маған сүйікті еткен сол - қас қылғандай!)
Тосқауылы көп болса, онан сайын
өршелене түсетін тасқындардай...






Admin

Added Lyrics

10.12.2016