Фариза Оңғарсынова Налып келдің соншалық, тұнжырадың (0) lyrics

Налып келдің соншалық, тұнжырадың lyrics

Фариза Оңғарсынова

0
0

Share:


Налып келдің соншалық, тұнжырадың
өсегімен біреулердің.
Мен де өзіңмен қосыла қынжыламын,
мұндайда жүдеулеумін.
Қабағыңнан -
менен артып жан ұққан ба! -
іздеймін күлкі таңын.
Табынарым - сен бүлай жабыққанда,
мен кімді пір тұтамын...
Жақсылықтың бәрінен түңілмеші
бір-екі жаман үшін.
Қайғы қылдың, жаным-ау, мұның несін,
болмаса жалаң ісің?!
Түңілер сәт шындықтан өтер кенде,
өшетін үміт, сенім...
Бірақ өмір шарт мінез. Көтермейді
күйректігін жігіттердің!






Admin

Added Lyrics

10.12.2016