Фариза Оңғарсынова Мынау қолым, басым мынау (0) lyrics

Мынау қолым, басым мынау lyrics

Фариза Оңғарсынова

0
0

Share:


Мынау қолым, басым мынау, жүрегімде - тосын әнім;
Жүзім күңгірт, шашым қырау, неде болса, осы барым.
Көзбен көрем, үйренемін, ол да менің бір ардағым.
Бар ма, жоқ па ми дегенің, соны бірақ біле алмадым.
Дидарымда - кемел көрік, табиғаттың сыйы бұл да.
Тіршіліктің келем көріп қызығын да, қиынын да.
Өмір биік, терең әрі - тыным таппай сар желемін.
Бірақ ұқпай келем әлі - қай жерімде жан дегенің?
Башпайда ма, білекте ме - қайдан тапты сәтті жайды?
Алқынады жүрек неге, тамыр неге шапқылайды?
Елтімеуші ем әрнеге онша, жанды іздеймін, сабырлы едім.
Сүйіктім-ау, дәу де болса, сенде шығар жаным менің?!






GM

Added Lyrics

26.08.2016