Фариза Оңғарсынова Менің көгершіндерім (0) lyrics

Менің көгершіндерім lyrics

Фариза Оңғарсынова

1
0

Share:


Әріптер
А
Толқыны өбіп жағаны,
Өзен баяу ағады.
Айдынында қалықтап
Аққу жүзіп барады.
Білесің бе араны?
Жолай көрме жанына –
жақындасаң шағады!
Ә
Әтеш әнге басады,
Таңғы ұйқыңды ашады.
Жетіп келсең жанына,
Тырағайлап қашады.
Б
Жағалаудың көгі еді –
Мама қаздың жегені.
Балпаң - балпаң соңынан
Балапаны ереді.
Г
Күн шуағын төккенде,
Жаңбыр сеуіп өткенде,
Қызыл - жасыл далада
Гүл тереміз көктемде.
Ғ
Ғарыш деген – көк аспан,
Ай, жұлдызы жарасқан.
Мен ғарышкер боламын –
Айға барып қонамын!
Д
Дуадақ құс далада,
Жоламайды қалаға.
Дельфин жүзер теңізде,
Ол теңізбен егіз бе?!
Е
Нәр алатын жауыннан,
Қорықпайтын дауылдан
Емен деген ағаш бар
жапырағы жайылған.
Ё
Шам сөнді де қалды –
Үйді түнек жапты.
Монтёр келіп, шамды
Жарқ еткізіп жақты.
Ж
Жалп - жалп ұшып ол кейде
Түнде адамды жасқайды.
Күндіз түк те көрмей ме –
Қалғып көзін ашпайды. (Жарқанат)
3
Зебр деген жануар
Жылқыға ұқсас күші оның.
Сала құлаш жалы бар,
Жолақ - жолақ түсі оның.
И
Самолетке ұқсаған
Инелікті ұстағам.
Қойсаң болды қамалап,
Ит үреді абалап.
Й
Ай қалықтап барады,
көкте жүзген ол кеме.
Ай қызығып барады
бидай өскен өлкеме.
К
Күн – әлемнің шырағы,
төгіледі шуағы.
Көбелектер қуанып,
бірін - бірі қуады.
Қ
Көкала көйлек киеді,
Күннің көзін сүйеді.
Қарбыз жеген баланың
Шөлі әбден қанады.
Л
Ешкі төлі – бұл лақ,
шапқылайды зымырап.
Анасынан адасса,
«айқайлайды» тұрып ап.
М
Марал қандай әдемі!
Тау - орманның сәні еді.
Мүйізінің шырыны –
таптырмайтын дәрі - емі.
Н
Нан қиқымын шашпаңдар,
жерде жатса баспаңдар!
Түйенің сұлуы – нар,
жалғыз өркеші бар,
көздері жаудыраған
бота деген еркесі бар.
Ң
Аю, қасқыр – аң бұлар,
қоян, түлкі – тағы бар.
Жемтік іздеп жапаннан
күндіз - түні қаңғырар.
О
Қамқор болып орманға
ағаштарын қорғаңдар.
Жақсы азамат болмайды
Көк орманды орғандар.
Ө
Өрмекшінің өрмегін
Бар ма сенің көргенің?
П
Тұмсығы оның күшті,
аяқтары сұсты,
таси алады жүкті –
піл дегенің мықты!
Р
«Кел!» - деп аспан тұр ымдап,
жұлдыздары жымыңдап.
Байқоңырдан ұшады
Ракета зуылдап.
С
Ала қанат сауысқан,
жемді көрсе, жабысқан,
Жақындатпай жанына,
Сезіп қояды алыстан.
Т
Тасбақаға отырып,
кездік орман, даланы.
Бізді көріп, секіріп
Тиін қашып барады.
У
Уық - тіреу бұл жерде
сүйенетін шаңырақ.
Киіз үйге кіргенде,
Қаласың бір жадырап.
Ұ
Ұясы – үй ғой шынында,
ұзақ үйін қорғайды.
Балапанға ұрынба –
Ұя бұзған оңбайды.
Ү
Үкі деген әдемі,
үлпілдеген желегі.
Қыздар әсем болсын деп,
Үкі тағып береді.
Ф
Қаланың ақ бұлағы
Фонтан боп атқылады.
Маңында асыр салып,
балалар шапқылады.
Х
Хат жазамын ағама –
оқуда ғой қалада.
Хат келгенде ағамнан
оқып берем анама.
Һ
Айдаһар қандай -
қарашы?!
Ол ма, - таудай,
жыланның ағасы.
Ц
Циркте адамдар
аңдармен бір жүреді.
Клоун ағам бап -
күлдіреді.
Ч
Біздер мақтан етеміз
Боксшы ағам Оралды,
Қарсыладық кеше біз –
Чемпион боп оралды!
Ш
Шортан деген қомағай
Жақсы көреді тамақты:
Қылғытады – обал - ай! -
кіп - кішкене шабақты.
Щ
Бұлақ суы тұщы,
теңіз суы ащы.
Ь – жіңішкелік белгісі
Ъ – айыру белгісі
Ы
Күнде ерте тұрамын,
әзірлеймін сабақты.
Ыдысты да жуамын,
пісіремін тамақты.
І
Жалаңаяқ бірде мен
жүріп едім құмменен,
ізім қалды соңымда.
Қызық екен бұл деген...
Э
Сым арқылы келеді,
үйге жылу береді,
Электрдің қуаты
Күндей жарық төгеді.
Ю
Жүреді өзі жәйлап,
екі көзі жайнап,
тәтті балға тоймайды
Аю деген маймақ.
Я
Қоян қашып барады,
жүйріктігі желге тең.
Қарттар қорқақ баланы
«қоянжүрек» дейді екен






Admin

Added Lyrics

10.12.2016