Фариза Оңғарсынова Мен сонда жылап қалғам (0) lyrics

Мен сонда жылап қалғам lyrics

Фариза Оңғарсынова

0
0

Share:


Мен сонда жылап қалғам.
Сен сезбедің. Кетті ұшып жыраққа арман.
Мұның бәрі неліктен? Білесің сен -
өзіңді ұнатқаннан;
сосын, сосын жүргеннен ұмыта алмай
алып-ұшып жеткенде жырақтардан
кездеріңді алдымда құлап-талған;
өліп-өшіп өртенген кезеңдерің,
сосын... түк болмағандай безергенің -
осыларға түсінбей мұң ақтарғам,
басым қатып шешілмес сұрақтардан.
Сезіміңнің мұншалық жалғандығы,
сен үшін бір сәт екен арман құны.
.. .Мен сонда жылап қалғам
өзіңді жек көргеннен және де... ұнатқаннан.






GM

Added Lyrics

25.08.2016