Фариза Оңғарсынова Мен саған қарыздармын (0) lyrics

Мен саған қарыздармын lyrics

Фариза Оңғарсынова

Мен саған қарыздармын

0
0

Share:


Мен саған қарыздармын.
Жүрегімде шаттық бар. Бар ызғар, мұң.
Біз екеуіміз кешкен күй ұқсас керім
сезіміне ғажайып аңыздардың.
Мен саған қарыздармын. Сен де маған.
Басқа қызық-шыжықтар ем бе маған!
(Бір-біріне қарыздар екендігін
неге біле бермейді жердегі адам?)
Менің мына жүзімнен жел жалаған
шаттықтардың шуағы танылмаса,
жанарымнан ой-тұман арылмаса -
жанымда бар ызғар, мұң:
оны сезім-нәріңмен емдегі алам,
немесе анау ақкөңіл елге барам -
жусаны да жайымды ұғынатын,
кемпір, шал да қалқам деп бұрылатын
көтергендей ақ басын жерден анам.
Шырқыраған жанымның бір тынымын,
жүрегіме нәр берер Күлкі, жырын
іздеймін сенен және кең даладан!
1975






GM

Added Lyrics

29.10.2015