Фариза Оңғарсынова Мен қорқамын (0) lyrics

Мен қорқамын lyrics

Фариза Оңғарсынова

0
0

Share:


Мен қорқамын:
екеуімізге арманның да,
таңдардың да ортағын;
қуаныштың,
жұбаныштың ортағын;
жолдардың да,
ор-жардың да ортағын;
бізге атылған оқтардың да,
достардың да ортағын;
сағынудың, сезінудің ортағын;
аңсап-талып кезігудің ортағын -
көнбей ешбір дәлелге,
бәрін айтып қояды-ау деп әлемге,
мен өзімнің көздерімнен қорқамын;
сосын, сосын, өлеңдерім,
өздеріңнен қорқамын!






GM

Added Lyrics

26.08.2016