Фариза Оңғарсынова Лүпілдей соқты жас жүрек... (0) lyrics

Лүпілдей соқты жас жүрек... lyrics

Фариза Оңғарсынова

Лүпілдей соқты жас жүрек...

1
0

Share:


Лүпілдей соқты жас жүрек,
еркелеп назбен қарадым.
“Поезда-ақ хатты жазшы?!” - деп,
елжірей қалды жанарың.
Сезімтал жүрек, жас жаным –
бәрі де сен деп талпынды.
Білдірер аяқ басқаның
абыржып тұрған қалпыңды.
Сөз таппай, үнсіз тұрмын кеп,
теңіздей жүрек толқыды.
Ышқынды гудок жүр-жүрлеп,
мұңая қарап ол тұрды.
Сөйткенше қолдар бұлғанды,
мөлдіреп көздер соңғы рет.
Айтылмай талай сыр қалды,
қимастық сезім толды кеп...
 
1959 






GM

Added Lyrics

14.10.2015