Фариза Оңғарсынова Қызғанып қалма, жаным, сен (0) lyrics

Қызғанып қалма, жаным, сен lyrics

Фариза Оңғарсынова

0
0

Share:


Біреулер менің қолымды қысса, жаныма қейде
күліп кеп,
қызғанып қалма, жаным, сен:
сен үшін ғана құрметтеп мені тұратын шығар
жігіттер,
қызбалық қылма, жаным, сен.
Көп қыздар саған күлімдеп тұрса көздерін тігіп
қымсына,
қызыға қойма, жаным, сен:
өзіңдей менің бақытым үшін қуанып олар тұр
шығар,
мұны да ойла, жаным, сен!






GM

Added Lyrics

25.08.2016