Фариза Оңғарсынова Көз алмай неге қарайсың (0) lyrics

Көз алмай неге қарайсың lyrics

Фариза Оңғарсынова

Көз алмай неге қарайсың

1
0

Share:


Көрмеген бұрын кісің бе ем,
қадалды неге жанарың?
Көп жанның мынау ішінен
көз алмай неге қарадың?!
Бөтен сөз ешбір айтпайсың,
кездесе қалсақ оңаша.
Ойланасың да, таппайсың
жасқанған бейне балаша.
Елеусіз ғана сөз айтсам,
құп алып, үнсіз қостайсыѕ.
Қуанасың ғой бір қайтсам,
көрмеген көптен достай шын.
Қадалса сенің жанарың,
лүпілдеп жүрек... Солай шын...
Айтсаңшы, дал боп барамын, 
 көз алмай неге қарайсың?!
 






GM

Added Lyrics

14.10.2015