Фариза Оңғарсынова Кейбір жеңгейлер (0) lyrics

Кейбір жеңгейлер lyrics

Фариза Оңғарсынова

0
0

Share:


Өз сүйгенін әркім қымбат санайды,
кей жеңгейлер "меңгеріп" ап ағайды,
"Жалғыз соның бабын тапсам жарар", - деп
өзгелерге тайтұң-тайтұң қарайды.
Отырған соң ағай үлкен орында
жел үргендей көңілі өсер оның да.
"Үй жұмысы - міндеті, - дер, - кемпірдің",
қайтер еді ертең сол қарт жоғында?
Оған - барқыт, шыт тиіпті әжейге,
жолдасының анасы оған өгей ме...
Қарт киініп шалқып жүрсе, өзгелер:
"Келіні бір тәуір жан-ау", -демей ме?!






Admin

Added Lyrics

16.12.2016