Фариза Оңғарсынова Қай жерде отырса да қарлығашың (0) lyrics

Қай жерде отырса да қарлығашың lyrics

Фариза Оңғарсынова

0
0

Share:


Қай жерде отырса
да қарлығашың,
сен оның
жүрегінде, жанындасың.
Сәбидей сенің
әппақ көңіліңе
күдіктің күңгірт
бұлты шалынбасын.
Қай жерде отырса
да қарлығашың,
ұқ,
жаным, оның жатқа табынбасын.
Біл, жаным, оның
албырт жүрегінің
жалынып,
өзгелерге жағынбасын...
Өмірде, қарап тұрсам, бағың да сын,
тек жаның
жалынынан арылмасын!
Көзіңнен ой
оқыған сонау күні
арнаған өзін
саған қарлығашың.






GM

Added Lyrics

25.08.2016