Фариза Оңғарсынова Бұлақтар құздардан асып (0) lyrics

Бұлақтар құздардан асып lyrics

Фариза Оңғарсынова

0
0

Share:


Бұлақтар құздардан асып,
сарқырап сайларға аққанда,
көңілім қырларға ғашық
самғайды жайлау жақтарға.
Жүрегім бұлқынады да,
тоқтамай думан бақтарға.
талпынар қыр-тұрағына,
құлпырған қызғалдақтарға.
Қиялым желмен жарысқан
ай маңдай арғымақтарда.
Көп аңсап келгенде алыстан
бәйгелер қалжыратқан ба!
Сәби қып бұл күндер мені,
тұрғандай тосып гүлдерді,
ұмыт қып үлкейгендегі
қырқысқан қырсық күндерді.
Мен сонда бала боп кеттім,
қалғанын сезбедім күз кеп...
Қырларды аралап кеттім,
қызғалдақ кездерімді іздеп.






Admin

Added Lyrics

12.12.2016