Фариза Оңғарсынова Бақыт туралы ән (0) lyrics

Бақыт туралы ән lyrics

Фариза Оңғарсынова

0
0

Share:


Жанарлармен тіл қатып,
жүректерді жырлатып,
сезім деген айдынға
мың бұлқынып, мың батып -
кездесу де бір бақыт!
Тамған жасты нұр-жақұт
еріндермен құрғатты,
ләззат пенен аңсауға
ой-санаңды ұрлатып -
қоштасу да бір бақыт!
Елікпей еш жырға түк,
кірпік ілмей түн қатып,
іңкәрліктен үздігіп,
аңсаған да бір бақыт!
Қонса еді тек бұл бақыт!...






Admin

Added Lyrics

28.12.2016