Әжесінің әні lyrics

Фариза Оңғарсынова

1
0

Share:


Айым менің қайда екен -
достарымен тойда екен!
Тойда болса, отырысын -
қолына жүзік толтырсын!
Айналдым Ай - баладан,
тауып алдық даладан:
далада бала жата ма?-
түсіп қалған шанадан!
Жылама, бөпем, қой, бөпем!
Құнан қойды сой сой, бөпем.
Құйрығына той, бөпем,
өзің тойған құйрықтан
әжеңе сақтап қой, бөпем!
Осы бала - Күн бала,
өзі аппақ, гүл бала!
Әлдилесе әжесі,
ұйықтай қалар бұл бала!
Әлди, әлди, бөбегім!
Таусылмайтын өлеңім!
Ұйықтасын деп бөбегім,
өлеңімді төгермін!
Фариза Оңғарсынова, Әжесінің әні lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Anonymous

Corrected text

18.03.2017
Users