Фариза Оңғарсынова Ауыл қызы (0) lyrics

Ауыл қызы lyrics

Фариза Оңғарсынова

0
0

Share:


Қос жанарда тұрады арай кілкіп,
қадалмайды,жалт етіп қарайды үркіп
Сұқтанады сан көздер сұлулыққа,
талықсиды қағылмай талай кірпік.
Ақша бетке жарасып пісте мұрын,
балғын жүзден мөлдіреп іштегі нұр
бала мінез, пәк көңіл тамсандырып,
деседі іштей жігіттер: "Түс пе мұным?!"
Жұмыр кеуде жарасып иықпен тік,
тұр талдырмаш денесін биіктетіп.
Жалғыз жатыр жотада қара бұрым
нәзік белге кей-кейде тиіп кетіп.
Қынай белді көйлегін етегі кең
қуыршақтай қомпитып кетеді жел
Ақ маржандай тізілген сұлу тістер
көмкеріліп алқызыл екі ерінмен.
Шыдам жетсе, жігітім, қызбай қара,
қадалсаң да, тоймайсың, жүз қайтара.
Мынау дала жердегі жұмақ болса,
періште деп дәл осы қызды айтады, ә!






Admin

Added Lyrics

10.12.2016