Фариза Оңғарсынова Арылмай күйкі-кірбіңнен, мазасыз өтіп түн мүлдем (0) lyrics

Арылмай күйкі-кірбіңнен, мазасыз өтіп түн мүлдем lyrics

Фариза Оңғарсынова

Арылмай күйкі-кірбіңнен, мазасыз өтіп түн мүлдем

0
0

Share:


Арылмай күйкі-кірбіңнен,
мазасыз өтіп түн мүлдем,
біресе жылап, бір күлгем.
Содан да - сені әлі күн
еркелете алмай жүрмін мен.
Жетесің ұшып, қайдалап,
сезімің шексіз, айдан ақ.
Қайтемін сөзбен майдалап,
сонда да тұрам жәй қарап.
Көрмедім сені жаныммен,
жүрегімменен аймалап.
¥ғынып өзің, сез мені -
өмірдің мынау тездері
қатыгездеу қып кетті ме
қатерлер көбін сезгелі.
Білмеймін, әлде қымбатын
қадірлей алмас кез бе еді...
1973
 






GM

Added Lyrics

29.10.2015