Фариза Оңғарсынова Алып-ұшқан сезімдер (0) lyrics

Алып-ұшқан сезімдер lyrics

Фариза Оңғарсынова

0
0

Share:


Алып-ұшқан сезімдер
быт-шыт болып қалды сеңге соғылып.
Өзің емде, өзің кел -
сүлдерімді сүйрелеп жүр сол үміт.
Жүрек-темір жылымай,
бұрыңғыдай жүгіре алмайды асығып.
Күл-талқаны шыққан бейне шыныдай
сезім кетті шашылып.
Кесел келді қайдағы -
сұқ өтті ме, тіл-көз бе әлде күңкіл ме?
Ең жаманы - быт-шыт болған айнаны
қайта құрау мүмкін бе?..






Admin

Added Lyrics

10.12.2016