Фариза Оңғарсынова Әйелге деген махаббат (0) lyrics

Әйелге деген махаббат lyrics

Фариза Оңғарсынова

0
0

Share:


Түндерде жалын боп өткен
біреуді жаным деп өпкен
сенің гүл еріндеріңнен
әйтеуір жерінбедім мен.
Жұттым да көзде жасыңнан,
төсіңнен өзгеге ашылған
басымды ала алмадым ме
(қайғым ба ең, жанар бағым ба ең?!).
Көлдегі сағым көрікпен
жанарды жанымды еріткен
құштым мен ашқарақ күймен
(білемін - басқа да сүйген).
Ең алғаш құшқаным да - өзің,
балқытқан күш-жалын да - өзің,
ең алғаш сүю дегенді
үйреткен ұстазым да - өзің.
Жанымнан мұңым кеткелі
сен болдың күнім көктегі.
...Қайғым тек - осының бәрі
басыңнан бұрын да өткені...






GM

Added Lyrics

26.08.2016