Ғашықпын Family Band

2016

1
0

Share:


Lyrics



Жарығым шамдай,
Маздаған жаңа.
Жаздағы таңдай,
Әдемі қандай.
Елігім, еркем,
Қылығын да балдай.
Еркелеп өтем,
Жан қылып шертем.
Шұғыла ақ таң,
Сен жүрген жақтан.
Қадірін білем арайлана,
Сен неткен жан ең.
Сен жүргенде әлем,
Ұқсайды ғажап шыр айнаға.

[Қайырмасы:]
Ғашықпын сезімге батып келем,
Бағым деп сені көрем.
Асықпын сен деп жаным сенделем,
Күтші күнім мен келем,
Бағымды білем.


Тандана қарап,
Жайдары жүзіңе.
Жүрмін ғой қалап,
Бағыма балап.
Жаратқан берген,
Таңға дейін тарап.
Жібектей өрген,
Бұрымын белден.

Шұғыла ақ таң,
Сен жүрген жақтан.
Қадірін білем арайлана,
Сен неткен жан ең.
Сен жүргенде әлем,
Ұқсайды ғажап шыр айнаға.

[Қайырмасы:]
Ғашықпын сезімге батып келем,
Бағым деп сені көрем.
Асықпын сен деп жаным сенделем
Күтші күнім мен келем,
Бағымды білем.

Ғашықпын...



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

13.04.2016
Music Videos
Family Band
Ғашықпын