Береке мен бақ тұнған шаңырағым lyrics

Файзоллаева Ақтолқын

0
0

Share:


(№ 4 облыстық мектеп−интернатымыздың 50 жылдық мерей тойына арнау)

Интернатым...
Толғанғанда сен жайлы
Таңғалдыртып, тамсантып
Қақтырарсың таңдайды

Еңсең биік,тұлғаң өр,
Абыройың ересен
Айналайын мектебім
Жарасар саған не десем

Сен жайлы жазсам деп ем мен бір өлең,
Ашылмаған аралдайсың сен бір әлем
Сан жылдар өтсе дағы бір басыңнан
Шәкірттерге сезімің ақ мөлдіреген

Құт қонған берекелі шаңырағым,
Қиналғанға қорған болған тұрағым,
Әр ұлттың балаларын басын қосып,
Бір отбасы баласындай боламын.

Интернатым сегіз жылдық боп құрылған,
Бағытымен сауапты іске бұйырған
Ғасыр дерті атанған өкпе ауруын,
Алдын – алу мақсатымен құрылған

Мерейтойың құтты болсын сән құрған,
50 жылың жүректерге ән болған,
Ұл –қыздарың ризалық пәк тілекпен
Шашу етіп тойыңа жыр арнаған

Айтамыз алғыс еңбек еткен әр жанға,
Үміттеріңізді жетелейміз тек шыңға,
Шаршамағын,құлашыңды кеңге жаз,
Құлпыра бер,гүлденіп жылдан –жылға!...

Атырау қаласы
№4 облыстық мектеп-интернатының
5 в сынып оқушысы: Файзоллаева Ақтолқын
Жетекшісі: ағылшын тілі пәні мұғалімі
Ундаганова Гүлназ Алпысбайқызы
Файзоллаева Ақтолқын, Береке мен бақ тұнған шаңырағым lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016