Естайдың әні Бір мысқал lyrics

Бір мысқал Естайдың әні

Бір мысқал

0
0

Share:


Lyrics



Көзінің қаралғы қарақаттай,
Сөзі бар ақ қағазға жазған хаттай.
Көзіндей құралайдың ойнақтатып,
Арман не соны кұшқан адамзатта-ай.


Гүл жүзді, шырын сөзді, бал сілекей,
Аяғын келеп басп, некей-некей.
Алмадай беттерінен сүйгеніңде,
Суырылар тілмен қабат сол көмекей.


Болғанда тілі яхуд, тісі маржан,
Еті аппақ жазғытұрғы жауған қардан.
Қан шырын, пісте мұрын, лұһлу иек,
Пендеде жүзін көрген қалмайды арман.


Болғанда өзі мұндай, жүріс қандай,
Күлкісі көңіл ашар гүлстандай.
Көтеріп алақанға отырсам да,
Білінбес ауырлығы бір мысқалдай.


Аспайды ай сәулесі қабағынан.
Қызыл гүл үзіледі сағағынан.
Мақамнан жеген дәмі белгілі боп,
Көрінер ішкен асы тамағынан.


Жұрт күлсе, ғашық адам құр күледі,
Басына келмеген жан не біледі.
Сауық сап, гүл бақшада сайран салған,
Мақбуп жар енді айналмас бір күн еді.

Естайдың әні



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

28.10.2015


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz