Хабарласып тұрайық lyrics

Естай Аликеев

2019

0
0

Share:



Ағайындар туған туыс,
Аманбысың армысың.
Жора жолдас,құрбы құрдас,
Есенбісің бармысың.
Хабарласып тұрайықшы,
Өкпе наздар арылсын.
Көре алмайтын дұшпандардың,
Іші мейлің жарылсын.

[Қайырмасы]
Сәл көрмесек алаңдайық,
Қайдасың деп сұрайық.
Келте ғұмыр өте шығар,
Хабарласып тұрайық.

Аға-жеңге,әпке-жезде,
Нағашылар қайдасың?
Құда-жекжат,жиендерім-
Бал жүздерің жайнасын.
Хабарласып тұрайықшы,
Телефондар сайрасын.
Көре алмайтын дұшпандардың,
Іші мүлде қайнасын.

Естай Аликеев, Хабарласып тұрайық lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

08.04.2019