Share:




Lyrics



Бұлбұл құс туған жерден гүл іздейді
Күдерін құштарынан бір үзбейді
Келесің гүл боп, еркем, көз алдыма
Өзіңді мен іздемей кім іздейді!

Арына махаббаттың шырай керек
Шын сүйген азабына шыдайды көп
Ән айттым, арнап саған, ұнайма
Әдемі-ау, мені сүйсең мұңайма тек

[Қайырмасы]
Арманымның нұры
Ақындықтың сыры
Жүрегімнің жыры, Әдемі-ау
Көңілімнің сазы
Өмірімнің жазы
Қайда жүрсің, Әдемі-ау


Өзің ғой өміріме сән берген де
Дүниеде саған ару тең келген бе?
Сәулем-ау сен келесің, көз алдыма
Ақ қайың самал желмен тербелгенде

Жас жаным сені аңсамай төзе алар ма
Өзгелер сені мендей сезе алар ма
Ақ толқын жағалауға асыққанда
Айым-ау, сен келесің көз алдыма!

[Қайырмасы]
Арманымның нұры
Ақындықтың сыры
Жүрегімнің жыры, Әдемі-ау
Көңілімнің сазы
Өмірімнің жазы
Қайда жүрсің, Әдемі-ау



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

21.04.2022
Music Videos
Ескендір Хасанғалиев
Әдемі-ау