Lyrics
Тоқта жаным
Әні: Есенбай Құлиев
Сөзі: Асантай Шәкімов
Жаным саған болып едім шын ғашық
Жүруші едім бір өзіңе сыр ашып.
Мені жалғыз бәйтеректей қалдырып,
Кеттің неге мойын бұрмай қыр асып?
Қайырмасы:
Жүрегім тек бір өзіңді аңсауда,
Маған тіптен керек емес басқа да.
Тоқта жаным,барымды сен алсаң да,
Әкетпеші махаббатты басқаға,
Тоқта жаным-ау.
Қайғырсам да маған көңіл бөлмейсің,
Сүйем деген сөзіме де сенбейсің.
Қиналамын, сағынамын сені ойлап,
Неге жаным, соның бәрін сезбейсің?
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).