Lyrics
СЕНІ ІЗДЕДІМ
Әні мен сөзі:
Есентүгел Әзи
Іңкәр ғып махаббаттың тәтті әлемі,
Сені іздеп кезіп жүрмін Ақтөбені,
Сезімім толқып тасып.
Жұлдызды түндерде де көз ілмегем,
Сырласа сыбырласып өзіңменен,
Жүргендей қолтықтасып.
Қайырмасы:
Жанымды жадыратар жыр екенсің,
Жайнаған қызғалдақтай гүл екенсің,
Кезікпей қайда, жаным, жүр екенсің
Е-ей, аңсағаным?
Каспийдің саған теңеп теңіз лебін,
Ақжайық жағасынан сені іздедім,
Толқыннан көзімді алмай.
Аралға, Арысқа да, Сырға бардым,
Көрсем деп ай жүзіңді бір, қарағым,
Іздеймін төзім талмай.
Қайырмасы:
Көкшенің араладым cексен көлін,
Есілдің толғай жұттым ескен желін,
Көңілім тыншымады.
Бөктерін Алатаудың шарласам да,
Гүлдерін Қаратаудың таңдасам да,
Көзімде мұң тұрады.
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
➤https://www.youtube.com/watch?v=WmyUDpNo73Y
➤https://www.youtube.com/watch?v=L6tvFkw_iWo
➤https://www.youtube.com/watch?v=YjjhMBlPjpE
➤https://www.youtube.com/watch?v=zrjmdf91Cao
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).