Күлкі мен ұйқы lyrics

Есенбай Дүйсенбайұлы

0
0

Share:


Көпшігімді көрген жоқ қиқым басып,
Мені арбаған Жыр деген сиқыр ғашық.
Көңілінен мен соның шығамын деп,
Күлкім қашып кетіпті, ұйқым қашып.
Аша алмай-ақ сиқырдың құлыптарын,
Қайнай-қайнай таусылды тұнық қаным.
Бұл жасымда күлкімнің қашқаны жөн,
Қалай болар ұйқымды ұмытқаным?..
Қала жайлап, қаламмен түзге көшем,
Қара өлеңнен күдерің үзбе де сен...
Қашқан күлкі соңынан жүгірмеймін,
Болар емес ұйқымды іздемесем!
Есенбай Дүйсенбайұлы, Күлкі мен ұйқы lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016