Жолығар бақ lyrics

Ершат Қайболдин

Жолығар бақ

0
0

Share:


Келер  деп   саябақта  сізді  күттім,
Өзінің  бақытынан үзді  үміт  кім ?
Келмедіңіз, білемін  келмейсізде…
Екеуміз  бірге  жүрген  ізді  ұмыттың.
 
Бәрін  бірден  ұмыту  тіпті  оңай ма ?
Қиын  шығар, барлығы  бітті  алайда.
Сен  өзіңнің  таптың ғой  сыңарыңды,
менде өзіме  табамын жұп  қалайда.
 
Болды  енді, менде  сені  ұмытамын,
Көрейік  кім  ұтылып, кім  ұтарын ?…
Сен  басқаның  қойынын  суытпадың,
Менде  өзгенің  құшағын  жылытамын.
 
Мен  сені  жоғалтқанмын  мынау  бақта,
Жоламай  енді  жаным  жүр  аулақта.
Мененде  өткен  жігітті  таптың ғой  сен,
Сененде  өткен  қыздар  бар  бұл  аумақта.
 
Көрінгенмен  көтерем  көңіл  арбап,
Қайғы-мұңнан  құтылсам, жолығар  бақ.
Өмір  алда, табармын  бақытымды,
Кетпесе  екен   тек  қана  өмір  алдап…
Ершат Қайболдин, Жолығар бақ lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

23.10.2015