Сен. Мен. Біз... lyrics

Ершат Қайболдин

Сен. Мен. Біз...

0
0

Share:


сен  қайдасың, мен қайдамын, қайдамыз ?
ұмтылатын  едік  бірге  айға  біз.
енді  екеуміз  жүремізбе  жолықпай ?
тағдырымыз  тоғыстырмас  тайғақ  із.
 
сен  кімгесің, мен  кімгемін, кімгеміз ?
қу  дүние  бірде — көктем, бірде — күз.
сірә  жаным, сен  көктемсің, мен  күзбін,
бірге  бола  алмаймыз-ау  мулде  біз.
 
сен  күрсіндің, мен  күрсіндім, күрсіндік,
екі  жүрек  күрсінгені  бір  сұмдық.
бақыттан  бас  тартпаймыз  деп  құлшындық,
біз  бақытты  бола  алмадық  бұл  шындық.
 
сен  басқасың, мен  басқамын, басқамыз,
қасақана  қош  айтысқан  қасқамыз.
сені  ойлап  жүрегіммен  жыр  жазам,
мені  ойлап  жанарыңнан  жас  тамыз.
 
сен  амансың, мен  аманмын, аманбыз,
аман  болсақ  бір  кездесіп  қалармыз.
болар  болмас  махаббатқа  адалмыз,
бақытымыз  болса  іздеп  табармыз.
ХОШ  БОЛ, ЖАҚСЫ !!! жаман  қыз…
Ершат Қайболдин, Сен. Мен. Біз... lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

23.10.2015