Не шара? lyrics

Ершат Қайболдин

Не шара?

0
0

Share:


Біз  енді  қоштасамыз,  уа  жаным,
Қылмайық  қоштасуға  куә  бәрін.
Алғашқы  махаббатың  сені  мендей,
Сүйе  алса  қуанамын
 
Бөлуге  ғашықтарды  қоғам  биім,
Арналды  саған  жаным  көп  ән  күйім.
Сүйген  жақсы,  сүйгенің  сүймей  қалса,
Не  бар  содан  қиын ?
 
Қуаныш  әкелсе  екен  маған  қайғым,
«мен  сені  сүймеймін»  деп  тағы  алдаймын.
Сүйемін  саған  солай  хабарлаймын,
Бірақ  бара  алмаймын.
 
Ақ  бұлттан  жасап  алған  арманым- ай,
Сен  енді  хат-хабарсыз  қалма  бұлай.
Сенде  мендей  сүйе  алсаң  егер  мені,
Қосады  алда  құдай.
 
Өзімнің  арманым ғой  қиялдасам,
Қия  алмасам  саған  жыр  жиі  арнасам.
Хош-аман  бол,  ақпатшам  бітті  бәрі…
Не  шара ?  сүйе  алмасаң…
Ершат Қайболдин, Не шара? lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

23.10.2015