Күтемін сені lyrics

Ершат Қайболдин

Күтемін сені

0
0

Share:


Саған  нұр  төккен  құба  таңдаймын,
жанымды  кейде  жылатар  қайғым.
Қаншама  сұлу  қыздар  болса да,
сенен басқасын ұната  алмаймын.
 
Жүретін  едің  күліп  көшеңде,
көңілім  сенде, үмітте  сенде.
Сүйме  десенде  сүйемін  сені,
ұмыта  алмаймын  ұмыт  десеңде.
 
Үрейді — үміт  дауыл  қашырсын,
жүрегіңдегі дауыл  басылсын.
Дүние  жүзінде  маған  ұнаған,
ең  сұлу, ару ауылдасымсың.
 
Жарамның таппай  рас  қалқам  емін,
сен  үшін  болар  тас-талқан  ЕРің.
Өзімді  жаным  өзіңе  сыйлап,
өзімнен  өзім бас  тартар  едім.
 
Несін  аясын  жасаған  құлдан ?
жолыңда  болам  тасадан  құрбан.
Қашаңғы журем  артыңнан сенің,
шығысың қалкам қашан алдымнан ?
 
Осалдығымды  танытпай  мүлдем,
арпалысамын  алып  қайғыммен.
Әрекетіңнен  сен  жалықпасаң,
күтуден  сені  жалықпаймын  мен.
Ершат Қайболдин, Күтемін сені lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

23.10.2015