Құрысын бәрі... lyrics

Ершат Қайболдин

Құрысын бәрі...

0
0

Share:


Кеудесін   айқара  ашып  түн  керіле,
Куә  болдым  жат  көлікке  мінгеніңе.
Қара  көлік  сені  әкетті, мен  өкіндім,
Әлі  күнге  қара  жаяу  жүргеніме.
 
Ырғағына  би  билеп  шетел  әннің,
Көлікке  отырдыңда  кете  бардың.
Қызғандым,  бірақ  бәрін  көтере  алдым,
Ойланып  қара  түнде  жеке  қалдым.
 
Кете  барды  тас  жолмен  қара  көлік,
Соншалық  кеткенмінбе  бала  болып.
Сен  мінген  сол  көліктің  табанына,
Мендік  сезім  тапталып  қалады  өліп.
 
Бар  десем  ғашығымның   тылсым  жағы,
Тылсымның да  ашылды  қыр  сырлары.
Қабірімді  қолыңмен  қазып  беріп,
Қадірімді  түсінбей  жүрсің бе  әлі ?
ҚҰРЫСЫН  БӘРІ…
Ершат Қайболдин, Құрысын бәрі... lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

23.10.2015