Қосылмауға тиіспіз... lyrics

Ершат Қайболдин

Қосылмауға тиіспіз...

1
0

Share:


Бізге  пайда  әкелмес  ызғарлы  үміт,
Кеткен  дұрыс  дүниеге  із  қалдырып.
Бақытыңнан  айырмау  үшін  сені,
Қосылмауға  тиіспіз  біз  мәңгілік.
 
Сені  қалқам  ұмытам  бұдан-былай,
Бұдан-былай  мені  енді  жүр  аңдымай.
сен  кешірім  сұрама  маған  келіп,
мен  кешіріп  отырам  кінәңды  қай ?
 
қоштасайық  осымен  ал  біз  күліп,
қиналатын  мен  емес  қан  қыздырып.
Сен  бақытты  бола ғой  басқа  жанмен,
Мен- ақ  сорлы  болайын  жалғыз  жүріп.
 
Бақытымды  табармын  әлі  менде,
Табу  үшін  түсермін  әбігерге.
Әлдекімге  айналдың  дәрігерге,
Енді  жаным  сен соның  жанын  емде.
Бірақ  маған  өтінем  тағы  келме.
 
Хал-жайымды  сұрама  келіп  ұдай,
Бір-біріне білесің  кері  күн  ай.
Мені  құдай  сорымнан  айырса да,
Айырмасын  бағыңнан   сені  құдай.
Ершат Қайболдин, Қосылмауға тиіспіз... lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

23.10.2015