Қосылмаймыз lyrics

Ершат Қайболдин

Қосылмаймыз

0
0

Share:


Астанаға  сен  кеткенде  келді  күз,
Аман  жүрші  ай  қабақты,  меңді  қыз.
Ақтөбе  мен  Астананың  жолындай,
Алыстаймыз, тоғыспаймыз  енді  біз.
 
Сен  кеткен  соң  жүрегіммен  сыңар  күз,
Кездеспейтін  екі  таумыз,  мұнармыз.
Жолығады  адамға  адам  деуші  еді,
Бірақ  қалқам  қарсы  шықтық  бұған  біз.
Енді  қайтып  кездеспейтін  шығармыз.
 
Мендік  жүрек  жүз  тірілді  жүз  өлді,
жалғыздықтан  құшақтаймын  тіземді.
осындаймыз, байласа да  арқанмен,
қосылмаймыз  ешқашанда  біз  енді.
 
Неге  біздің  суып  кетті  арамыз,
Қосылмайтын  екі  тағдыр  ғанамыз.
Сені  ұнатқан  бір  жан  барын  ұмытпа,
Мені  ешқашан   ұнатпайтын  қара  қыз.
Ершат Қайболдин, Қосылмаймыз lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

23.10.2015