Көрші қызға lyrics

Ершат Қайболдин

Көрші қызға

0
0

Share:


естілмейді  сен жаққа  шерткен  күйім,
біздің  үйден  алыстап  кеткен бе  үйің?
кездейсоқ  кездеспейміз  неге  біздер,
көрші  болып  көріспеу  неткен  қиын?
 
кішкентайдан  бірге  ойнап, бірге  өскенбіз,
бір  үйдің  баласындай  күн  кешкенбіз.
бүгінде  жаныңа  жан  жуытпайсың,
кезінде  бір  шыбыққа  мінгескен  қыз.
 
білем  сенде  ұят  пен  иба  барын,
ұялғаннан  кездеспес  деп  ұйғарамын.
сосын, сен  әлдекімнің  анасына,
келін  боп қалады-ау  деп  қиналамын.
 
менсінбейсің  сен  мені  жүз  бұрғалы,
болмайық  махаббаттың  біз  құрбаны.
жоқ  әлде, жігіт  байғұс  ғашық  болса,
өркөкірек  болама  қыздың  бәрі ?
 
«бір  күні  қарсы  аларсың  алдан  шығып,
қалмаса  орта  жолда  арбаң  сынып».
деген  ой  жүрегіме  қалған  сіңіп.
алға  сүйреп  келеді  алдамшы  үміт.
жай  ғана  алдамшы  үміт.
Ершат Қайболдин, Көрші қызға lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

23.10.2015