Қорлайсың неге... lyrics

Ершат Қайболдин

Қорлайсың неге...

0
0

Share:


Жоғалды  менің  еркім  есімде,
Сен  маған  қарсы  жең  түресіңбе ?
Шын  сүйсең  егер  қинай  бермеші,
Болды ғой  енді  өлтіресіңбе ??
 
Көз  алдымда  тұр  жасанды  елесің,
Жағдайым  менің  нашар  дегесін.
Жанымды  ботам  жаралай  бермей,
Хәлімді  сұрап  қашан  келесің ?
 
Қосылмай  біздер  тұсалды  жасым,
Жібермей  қойды  құсамды  басым.
«Қозы  мен  Баян  қосылмаған» — деп,
Қайдағы  жоқты  мысал  қыласың.
 
Үміт  үрейлі, сенім  әлі  ызғар,
Қылайын  қалқам  сені  нағыз  жар.
Қозы  мен  Баян  қосылмай  кетсе,
Біздердің  оған  не  кінәміз  бар ?
 
Дұшпаның  артық,  күйік  досыңнан,
Жансың   езімді  тиып  тосылған.
Үлгі  алып  неге  мысал  қылмайсың ?
Әке  шешеңді  сүйіп  қосылған.
 
Бір  болайық  біз, іздендім  еле,
Көнілге  қоңыр  күз  келді  деме.
«Қосылған жандар»  деп  кейінгі  ұрпақ,
Үлгі  қылмасқа  біздерді  неге ?
 
Шыдап  төземін  қорлағаныңа,
Сезім  тулатар  олда  қаныма.
Гүлденер  едім  өзіңмен  бірге,
Мүлде  керегім  болмағаныма ?
 
Тағдырым  торап  тізбектелетін,
Торапқа  сірә  біз  кептелетін.
Мен  мені  өзім  іздеп  таппасам,
Түрің  жоқ  мені  іздеп  келетін.
Ершат Қайболдин, Қорлайсың неге... lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

23.10.2015