Гүлданама lyrics

Ершат Қайболдин

Гүлданама

0
0

Share:


жүрмісің  сақтап  менің  хатымды әлі ?
хатымда  баяндалып  жатыр  бәрі.
жоқ, әлде  оны  жыртып  тастадыңба ?
аямай  қу  жүректі  ақындағы.
 
жыртпаймын, жырта  алмаймын, кешір деші,
жыртсаңда  көңіліңнен  өшірмеші.
сол  бір  хат  менің  мәңгі  жүрегімде,
сендегі  жай  ғана  бір  көшірмесі.
 
сарқылды  сағыныштан  күшім-әлім,
сен  келсең  /бір  бақытты  құшып арым/
жүрегімнен  суырып  әлгі  хаттың,
түп-нұсқасын  өзіңе  ұсынамын.
 
айыппа  өзіңді  ойлап  алаңдасам ?
тыңдашы,  қалқам  саған  ән  арнасам.
жанды  дауыс  арқылы  жаным  барда,
«жаным»  деп  жыр  оқимын  саған  қашан ?
 
жауапсыз  сұрақпа  бұл  біздер  үшін ?
әзірге  жаман емес  ізденісім.
көктемде  көнілімді  көтердіңде,
көкке  ұшып  кеткенің  не  күзде  құсым ?…
 
дос  түгел  тілер  мұны  жауына  кім?
жаудың да  сұраған  жөн  ауық  әлін.
көңілім  көтерілмей  көктем  келсе,
керсінше  көтеріліп  ауырамын.
сен  келсең  ғана  жаным  сауығамын.
Ершат Қайболдин, Гүлданама lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

23.10.2015