Күлсекте, күрсінуден қорықпаймыз.
Күзгі бақ бізді күтіп сарғаюда,
Біз бірақ сорлымыз-ау соны ұқпаймыз.
Қалай біз өткіземіз ендігі айды,
Қараймыз махаббатқа немқұрайлы.
Өмірді біз екеуміз өткізбесек,
Көңілді басар мәңгі шерлі-қайғы.
Кеудемде сезім болса өзіме аян,
Деуденде оны аулақпын көзін оям.
Тосыннан «ғашық жырын» өзгертейік,
Қосылған біз болайық «Қозы-Баян»
Жұлдыздар ағып түссе түнгі аспанда,
Түнгі ызғар әсер етпес сырластарға.
Одан да біз бақытты болу үшін,
«ҚОДАР ДА» енбесінші бұл «дастанға».
Аспанға қанат қақтым, түстім-ұштым,
«Дастанға айналайық күшті» күштім.
Жырласа тауыса алмай жырау біткен,
Тыңдаса отырсын ел үш күн үш түн… Ершат Қайболдин, Дастанға айналайық lyrics, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store