Біздің көше... lyrics

Ершат Қайболдин

Біздің көше...

0
0

Share:


Жүрдің бе  ботам  қыз  күнге  сене?
Толқындай  тулап  бойда  қаныңыз.
5-10 жыл  бұрын  біздің  көшеде,
Есіңде  шығар  ойнағаныңыз ?..
 
Сақтауға  мәңгі  елесіңді  еске,
Ой  жүгіртейін  бала  күндерге.
Ойнау  үшін  сен  келесің  кешке,
Ойнамасамда  барамын  менде.
 
Балғын  қыз  едің   құштар  арманға,
Қуыспақ  ойнап  тарапты  қаның.
Сені  өзге  ұл  ұстап  алғанда,
Қызғанып  сырттай  қарап  тұрамын.
 
Кездейсоқ  сені  өзгемен  көріп,
Батамын  ылғи  қасқа  мен  шерге.
Мендік  сезімді  сезбеген  болып,
Жүрдің бе  әдейі  басқамен  сенде ?
 
Шын  сүйген  жандар  бөлінбес  еді,
Ұқпадың  жанын  ғашық  ақынның.
Тағат  таусылып,  көруге  сені,
Кеш  болса  екен  деп  асығатынмын.
 
Талай  жыл  өтті  үмітті  үзіп  ал,
Қызғандым  сені  арадай  қорып.
Бойжеткен  болдың  жігіт  қызығар,
Мен  жүрмін  әлі  баладай  болып.
 
Өткен  жылдарды  санап  қоямын,
Үкілі  үмітті  үздім бе  сенен ?
Үзбедім  ылғи  қарап  қоямын,
Сен  өтеме екен  деп  біздің  көшеден.
Ершат Қайболдин, Біздің көше... lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

23.10.2015