Біз бақытты болар едік... lyrics

Ершат Қайболдин

Біз бақытты болар едік...

0
0

Share:


Бірге  талай  қарсы  алсақта  ақ  таңды,
Біз  екеуміз  екі  айырылдық  бір  жолдан.
Мен  аяимын  саған  жазған  хаттарды,
Отқа  түсіп, шоққа  айналып, күл  болған.
 
Куәсі  едік  таңғажайып  күндердің,
Бірақ  неге  қайғы  болды  татқаным ?
Құдай  білсін  мен  сыйлаған  гүлдердің,
Қайсы  қоқыс  жәшігінде  жатқанын…
 
Тағдырымның  тауқыметі  осы ма ?
Хош  келдің де, қолды  бұлғап  хош  болодың.
Ғашық  болып  қайдағы  жоқ  досыңа,
Мені  өзіңе жәй  ғана  бір  дос  көрдің.
 
Мен  өзіңді  ұнатқанмын  жақсы  деп,
бола  алмадың  қалқам  маған  таң-арай.
Сен  соншалық  екенсіңғой  тасжүрек,
әйтпесе  кеттің  неге  қарамай ?
 
Сені  жаным  ұнатқаным  шерлі  еді,
сезімімді  сақинаңдай  сақтадым.
Бақытсыз  ғып  кеткеніңмен  сен  мені,
басқа  жаннан  бақытыңды  таппадың.
 
Мен  сенбеймін  махаббат  жоқ  дегенге,
құлазимын  көңілге  шер  көп  толса.
Біз  бақытты  болар  едік  егерде,
жер  бетінде  бақытсыздар  жоқ  болса.
Ершат Қайболдин, Біз бақытты болар едік... lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

23.10.2015