Бағымды ұшырмаймын lyrics

Ершат Қайболдин

Бағымды ұшырмаймын

0
0

Share:


Бағыңды  ұшыр  дейсің,
бағымда  гүлденесің.
Жанымды  түсінбейсің,
жанымда  жүрмегесін.
 
Барма  өзі  орай-қисын ?
бақытты  болам  қалай ?
Ұмыту  оңай  дейсің,
ұмытпау оданда  оңай.
 
Таусылды  толы  күшім,
күтемін  қолдау-көмек.
Бақытты  болу  үшін,
бақытсыз  болмау  керек.
 
танытып  тәкапарлық,
құтылдық  қиын  күннен.
біз  сосын  рахаттандық,
содан  сон  күйіндім  мен.
 
көрсеткен  түрлі  әурені,
жансыңба  жақұт-мүсін ?
бақытсыз  қылған  мені,
сен  неткен  бақыттысың ?
 
мен  сені  сүйіп  едім,
қалмады  түк амалым.
«Сен  жоқ» деп  күйінемін,
барсың ғой,  қуанамын.
Ершат Қайболдин, Бағымды ұшырмаймын lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

23.10.2015